Қазақстандық әуекомпаниялар Еурокомиссияның «қара тізімінен» ресми түрде шығарылды

Жаңалықтар
08.12.2016, 18:36

2Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз парақшасында хабарлады. 

"Құрметті, достар! Бүгін Еуропадан қуанышты хабар жетті. Еуропалық комиссияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің шешіміне сәйкес қазақстандық әуекомпаниялар Еурокомиссияның «қара тізімінен» ресми түрде шығарылды.

Естеріңізде болса, «қара тізімге» «Эйр Астанадан» басқа барлық отандық әуе компаниялар кірген болатын. Еурокомиссияның бүгінгі ресми шешімінен кейін отандық әуе компанияларымыздың Еуропаға ұшу мүмкіндігіне енді шектеу қойылмайтын болады.

Айта кетейік, біз бұл нәтижеге қол жеткізу үшін талай жылдан бері талмай жұмыс істеп келеміз. Соңғы жылдары отандық әуе компанияларымыздың Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына сай көрсеткіші 65%-дан 74%-ға дейін артты. Ендігі кезекте біз осы көрсеткішті одан әрі жақсартуға, қазақстандық әуе компаниялардың халықаралық талаптарға мейлінше сай болуын қадағалауды жалғастыра береміз. Бүгінде министрлік халықаралық бағыттардағы әуе тасымалын арттыру үшін жұмыс жасап жатыр. Еурокомиссияның бүгінгі шешімі осы жоспарымызды өз деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз."

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom