Үкімет отырысында тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тұжырымдамасын қарастырды

Жаңалықтар
12.12.2016, 14:22

sha_7586ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар қарастырылды. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тұжырымдамасын қарастырды.

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бөлшек және көтерме саудадағы әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларын сатуда шекті сауда бағаларының көлемін заңды түрде бекітуді ұсынып, оларға сауда нысаны санатына байланысты жекедара қарау қажеттігі туралы баяндады.

Шекті сауда бағалары негізінде ай сайын «ұсынылатын бағалар» есебі жүргізілетін болады деп күтілуде, ол ашық түрде жарияланады.

Аталған жаңашылдықтар сатушылар үшін де, тұтынушылар үшін де бағаның құралуын ұғынықты етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Ұсынылатын бағалар» туралы ақпараттың қолжетімділігі халықтың басым бөлігін мониторингке және нақты бөлшек бағаның «ұсынылатын бағаларға» сәйкессіздігін анықтауға, сол арқылы әлеуметтік мәні бар тауарларға бағаны реттеудің тиімділігін барынша арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарына сауда желілері мен сауда нысандарында тауардың қолжетімділігіне мониторинг жүргізу құзыретін беру және тауарлардың қолжетімділігін шектеу белгілері анықталған жағдайда ол туралы монополияға қарсы органға хабарлау мүмкіндігін беру ұсынылды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасының заңсыз көтерілуіне жол бермеуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар азық-түлік өнімдеріне бағаны заңсыз көтеру оқиғаларын болдырмау туралы тапсырма берді.

«Бағаның көтерілуіне қатысты мәселені біз қыркүйек айында талқыладық, бүгінгі баяндамалардан көріп отырғанымыздай, белгілі бір жұмыстар атқарылған. Асқар Исабекұлы (Мырзахметов – Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР ауыл шаруашылығы министрі – еск.), нарыққа қатысушылардың сөйлеген сөздерін ескерумен олардың пікірлерін ескеріп, ұсынылған тәсілдерді тағы бір қарастырып, сәйкес шешімдер түрінде ресімдеуге болады. Бұл жерде Үкімет нарықтық тетіктерді жауып тастайды деген сөз емес. Алайда жоғары бағаның болуына жағдайлар туса, біз қолымызда бар монополияға қарсы заңнама аясындағы құралдарды ескерумен, оның жолын кесуіміз керек», - деді Б.Сағынтаев.

Еске салайық, Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар тауарларға бағаның негізсіз өсуін болдырмау бойынша бірқатар шаралар ұсынылды. Мәселен, бөлшек және көтерме саудада әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларын сатуда шекті үстеме бағаның көлемін заңды түрде бекіту, сонымен қатар халықтың басым бөлігін мониторингке және нақты бөлшек бағалардың «ұсынылатын» бағаларға сәйкессіздігін анықтауға белсенді тарту ұсынылды.

Сонымен қатар, аймақтардағы азық-түлікті тұрақтандыру қорларының қазіргі жұмыс тәртібін жеңілдету ұсынылды.

ҚР Үкіметі жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тұжырымдамасын қарастыруда

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында бағдарламаның басым бағыттары ипотекалық қарыздарды субсидиялау арқылы ипотекалық несие беруді қолдау, құрылыс салушыларды ынталандыру, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары және әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін несиелік тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту болатынын баяндады.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің өңірлік қорын құру, қажетті инфрақұрылым жүргізу арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту жоспарланған.

Жеке тұрғын үй құрылысы жаңа бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынатын болады.

«Тапcырма Мемлекет басшысы тарапынан берілді, бағдарлама керек, адамдар күтіп отыр. Жұмысты күшейту керек. Бүгінгі отырыста айтылған барлық ұсыныстарды тағы бір мәрте қарастыру керек, ол барлығын алаңдатып отыр. Сол үшін жыл соңына дейін, Асқар Ұзақпайұлы (Асқар Мамин - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары. - АА), барлығымен бірге тағы бір рет қарастырып, бекітуге ұсыну керек», - деді Б. Сағынтаев.

«Аталған бағдарлама тұрғын үй құрылысын дамытуға, отандық кәсіпорындардың құрылыс қуатын пайдалануға маңызды серпін береді және жергілікті қамту үлесін 90%-дан арттыруға дейін мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бағдарламада ұсынылған құралдар бүгінде жоқ екенін айта кету керек. Бұл құралдарды енгізу көппәтерлі баспана мен жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға маңызды серпін береді. Барлық тетіктері өңірлермен талқыланды, барлық ескертулер бағдарламаның соңғы редакциясында көрініс табатын болады. Біз оның құрылыста және қалаларымыздың заманауи келбетін қалыптастыруда маңызы жоғары болады деп санаймыз», - деді А. Мамин.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың қыркүйек айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке жаңа міндеттер жүктеп, таяу болашақтағы басымдық берілетін жұмыстарды айқындап берген болатын. Үкіметке бірнеше мемлекеттік бағдарлама дайындау тапсырылды, оның ішінде нәтижелі еңбекпен қамту және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды шағын және орта бизнеске тарту бағдарламасы, 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы және жеке тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бар.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom