ҚР Қорғаныс министрi Серiк Ахметов Ресей Федерациясына сапары аясында Жуковский қаласының Раменское аэродромында өтiп жатқан «Оборонэкспо-2014» көрмесiнде болды.
Министрге Ресейде жасалған заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың үлгiлерi көрсетiлдi.
С. Ахметовтің сапары Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық әрiптестiк туралы келiсiмдi және ҚР мен РФ арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған бiрлескен жобалар бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.
Сапар барысында С. Ахметов РФ Үкiметi жанындағы әскери-өнеркәсiптiк комиссияның, РФ өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң, «Ростех» мемлекеттiк корпорациясының басшылығымен кездесуi жоспарланған.