«Астана-Қарағанды» және «Астана-Көкшетау» бағыттары бойынша қала маңындағы маршруттар жіберілді

Жаңалықтар
15.12.2016, 09:13

22016 жылдың 15 желтоқсанында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін карсаңында Астанада «Астана-Қарағанды» және «Астана-Көкшетау» бағыттары бойынша екі жаңа электрпойызды салтанатты түрде жөнелтілді.

Аталған құрамдар Кедендік Одақтың техникалық регламентіне сай келеді және мүмкіндігі шектелген жолаушылар вагонға отыру үшін жаңа құрылғылармен жандандырылған, сондай-ақ жолаушыларға ыңғайлылығы үшін Wi-Fi базасындағы ақпараттық-ойын-сауық порталымен, деректемелерді тіркеп отыратын салондар мен тамбурлардың бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Аталған құрамдар 2016 жылға бөлінген бюджеттік қаржы шегінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын субсидиялау шеңберінде сатып алынған.

Сонымен қоса, осы маршруттар EХPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу аясында жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуге мүмкінді береді.

Астана-Көкшетау және Астана-Қарағанды маршруттары бойынша жыл сайын 800 мың адамнан артық жолаушылар тасымалы жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша көлемі алдыңғы жылдың іспеттес аралығынан 2 % жоғарылаған. Сонымен қоса, 2017 жылға осы бағыттар бойынша жолаушылар ағының жоғарылауы 4 %-ға дейін жоспарлануда.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom