Жалпыұлттық телекөпір барысында Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа өндіріс іске қосылды. Өз кезегінде Президент бұл өте қажетті өнім шығаратын өндіріс екенін, машина жасау саласын дамытуға зауыттың өзіндік үлесі болатындығын атап өтті.
Айта кетейік, Бүгін елордадағы жалпыұлттық телекөпір барысында Индустрияландыру картасы жобаларының тұсауы кесілуде. Мемлекет басшысы телекөпір режімінде нысандардағы өндірісті іске қосып, индустрияландыру аясындағы жобалар құрылысының басталуына белгі береді. Бүгін еліміздің барлық өңірлерінен 23 жоба іске қосылып немесе құрылысы басталады.
«Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Сорғыш құрылғылар мен ілмекті арматура шығарумен айналысатын зауытымыз Сізге жақсы таныс. «Жаңа индустрияландыру» атты бағдарламаңызды қолдау мақсатында өнімді барынша жинақтау үшін дербес болат құю өндірісі жасалды. Алыс және жақын шет елдерге экспорт көлемін 40 пайызға арттырамыз. Қазір кәсіпорындағы жаңа өндірісіміз іске қосылуға дайын. Өндірісті қосуға рұқсат етіңіз!» - деді телекөпір барасында «KARLSKRONA LC AB» ЖШС бас директорының орынбасары Әлімжан Үсенбаев.