Текеліде шойын өндіретін зауыт іске қосылды

Жаңалықтар
06.12.2016, 11:48

5Индустрияландыру күні аясындағы жалпықлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында шойын өндіретін зауытты іске қосуға рұқсат берді.

«Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС директоры Бақыт Шалбаевтың айтуынша, жаңа зауыт инновациялық тәсілмен 400 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндірісте қазақстандық шикізат қолданылады. Бүгінде зауытта жабдықтарды іске қосу жұмыстары толықтай аяқталды.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жақында аталған өндірісте құрылыс жұмыстары жүріп жатқанда кеңінен танысқанын еске салды.

«Сол кезде Текеліде шағын домна пешінің салынғанына таңданған едім. Бұл қызықты жоба қолданбалы шойынды шығарады. Бұл - өте жақсы әрі қажетті өндіріс, адамдарға жұмыс орындары ашылады. Сондықтан табысты болыңыздар!» - деді Президент.

Сұхбат

PhotoRoom