Депутат Мұхтар Тінікеевтің жүрегі нашарлап ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский мәлімдеді.
"Қазір мен оған қоңырау шалдым, ол ауруханада. Бүгін оның жоспарлы тексеруден өтуі белгіленген. Оның жүрегі нашарлап жүр", - дейді Глеб Щегельский, депутаттың ауруханаға жатқызылғанын атап өтіп.
Еске салайық, 20 желтоқсанда WhatsApp Парламенттің төменгі палатасының депутаты Мұхтар Тінікеевке ұқсайтын адам көрсетілген бірнеше видео тарады. Кадрлардан оқиғаның дастархан басында болғанын көруге болады. Екі ер адам тұрып алып, жанжалдасып жатады. Мәжілісмен Мұхтар Тінікеевке даусы да, өзі де ұқсайтын адам тағы екі ер адамның көзінше біреуден жауап алады. Депутатқа ұқсайтын ер адам әңгімелесушісіне былапыт сөз айтып, соққы жасайды.
https://www.youtube.com/watch?v=qYmFbB2NZDA
ҚР Парламентінің төменгі палатасының депутаты Мұхтар Тінікеев пайда болған видеоға қатысты пікір білдіріп, бұл видеоның бұдан бірнеше жыл бұрын түсірілгенін және оның "жәй әзіл" болғанын жеткізген еді.
Бұл видео 2016 жылдың 17 желтоқсанында түсірілген болуы әбден мүмкін. Себебі, әлгі видеода "басты рөл сомдаған" адамдардың бірі, Шымкент қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Полевой Николай Григорьевич 17 желтоқсан күні туған күнін атап өткен.
Кейін мәжілісмен Мұхтар Тінікеевтің қатысуымен түсірілген видеоның шамамен қашан түсірілгені белгілі болды.
"Сайгез-ақпарат"