Өскеменнің әуежайы толықтай жаңғыртылмақ

Жаңалықтар
21.12.2016, 12:00

15Шығыс Қазақстанның әкімшілік орталығының әуежайының ұшу-қону жолағы 2800 метрге дейін ұзартылып, 45 метрге дейін кеңейтілмек. Сонымен қатар, жүк терминалын, уақытша сақтау қоймасын, апаттық-құтқару станциясын тұрғызу, белгі беруші жарық құралдарын орнату жоспарлануда. Бұл туралы ШҚО баспасөз қызметі хабарлайды.

Барлық жұмыстарды жүзеге асыру үшін 5,2 млрд. теңге көлемінде қаржы тартылмақ. Оның 1 млрд. теңгесі Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан, 2,5 миллиардын облыстық бюджеттен қарастырылған. 1,5 млрд теңге көлеміндегі қаржыны Европалық қайта құры және даму банкі бермек.

Кеше ШҚО мен Европалық қайта құры және даму банкінің басшылығы Өскемен қаласының әуежайын жаңғыртуға бағытталған жобаны жүзеге асыру туралы алдын-ала келісімге қол қойды.

- Әуежайды жаңғырту: жүк терминалын, уақытша сақтау қоймасын, апаттық-құтқару станциясын тұрғызу, белгі беруші жарық құралдарын жаңарту еш кедергісіз барлық халықаралық рейстерді қабылдауға мүмкіндік береді, - дейді «Өскемен қаласының әуежайы» АҚ президенті Николай Короленко.

Жалпы, жөндеуден кейін әуежайдың ұшу-қону жолағы 300 метрге ұзарады. Барлық жұмыстар 2018 жылы басталмақ. Құрылыстың нормативті мерзімі 22 ай.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Өскеменнің әуежайының ғимаратының жанынан сағатына 200 адамға қызмет көрсететін жолаушылар терминалы салынуда. Бұл нысанның құрылысы 2017 жылдың ортасында аяқталмақ.

Айта кетсек, бүгінгі таңда облыс әкімдігінің ЕҚДБ-мен инвестициялық қоры 245 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 43 млрд теңгеге алдын ала және несиелік келісімдерге қол қойылды.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom