Павлодарда облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Жаңалықтар
21.12.2016, 20:18

1Бұл жауапты қызметке Әлия Арынова тағайындалды. Бүгін облыс әкімі Болат Бақауов жаңа орынбасарын таныстырып, оның қай салаға жауапты екенін де белгілеп берді.

Әлия Амангелдіқызы Арынова 1998 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін және 2006 жылы құқықтану бакалавры бойынша Еуразия Инновациялық университетін тәмамдаған. Университетті бітірген соң облыстың экономика департаментіне жұмысқа орналасқан. 2003-2004 жылдары «Инжиниринг және технология трансферті» АҚ-да және экономист-менеджер болып «Павлодарэнерго» АҚ-да қызмет етті. 2005 жылдан бастап бас маман, Павлодар облысы Экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, 2011-2012 жылдары Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет етті. 2012 жылдың ақпан айынан ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі болды.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom