ИДМ-де ауыс-түйіс: Вице-министр Берік Камалиевтің орнына Роман Скляр келді

Жаңалықтар
23.12.2016, 19:59

2Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі болып Роман Скляр тағайындалды. 

Ол бұрынғы Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиевтің орнына келіп, көлік блогының қызметіне (Көлік комитеті, Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Транзитті дамыту және көлік логистикасы департаменті) бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отыратын болады.

Роман Скляр бұған дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып қызмет атқарды.

Осылайша Роман Скляр бір жылдың ішінде екі бірдей ведомстваның вице-министрі болып отыр. Ол 2016 жылдың 17 мамырында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі  болып тағайындалған еді. Жер реформасын халыққа дұрыс түсіндіре алмаған бұрынғы Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың орнына келіп, 7 айдан астам уақыт қызмет етті.

Роман Скляр Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Ол әр жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Павлодар облысы әкімнің орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі, «Қазақстан Темір жолы» ҰҚ» АҚ вице-президенті қызметтерін атқарған.

2016 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болды. 2016 жылдың 17 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Ұлттық экономика вице-министрі  болып тағайындалды.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom