Qazkom Ұлттық банктен 400,8 млрд теңге заем алды

Жаңалықтар
26.12.2016, 12:56

1Ұлттық банк "Қазкоммерцбанкке" қысқа уақытқа 400,8 миллиард теңге заем бергенін мәлімдеді. Ұлттық банктің баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде Qazkom 400,8 миллиард теңгенің жартысын қайтарған.

Заем банк клиенттерінің алдындағы міндеттемелерді орындау үшін өтімді активтерді қамтамасыз ету мақсатында берілген. Ұлттық Банк қазір "Қазкоммерцбанк" акционерлерімен капиталдандыру деңгейін арттыру жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын да хабарлады.

Ал "Қазкоммерцбанктың" баспасөз қызметі Qazkom Ұлттық банкке 200 миллиард теңгені қайтарып бергенін, қалған қарызды 2017 жылдың бірінші тоқсанында толық қайтаратынын мәлімдеді.

Өткен аптада Bloomberg басылымы "Қазкоммерцбанк" Ұлттық банктен 400 миллиард теңге көлемінде қарыз алғанын жазған.

Сұхбат

PhotoRoom