2016 жылы Үкіметте қандай өзгеріс болды?

Жаңалықтар
27.12.2016, 16:49

1 көрнекі фото: tengrinews.kz

2016 жылы Қазақстанда түрлі тағайындаулар болды. 2007-2012 жылдары және 2014-2016 жылдары Үкімет басшысы болған Кәрім Мәсімов орнын бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевқа босатып берді. Өзі ҰҚК төрағасы қызметіне жайғасты. Бұл осы жылдағы ең үлкен тағайындау болды десек болады. Сондай-ақ, 2016 жылы бірқатар жаңа министрліктер ашылып, басшылары тағайындалды. Министрліктер кабинетінде биыл үлкен өзгеріс болды деп айтуға болады. 

3

Әр жылдары өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі қызметтерінде болған, Павлодар облысының әкімі қызметін атқарған, 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған Бақытжан Сағынтаев 2016 жылдың 9 қыркүйегінен бастап ҚР Президентінің жарлығымен ҚР премьер-министрі болып тағайындалды.

4

2016 жылдың 9 қыркүйегінде "Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын" деген Президент жарлығы шықты. Осылайша ҚТЖ президенті Үкіметке қызметке келді. 

6

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде де тағайындаулар болды. 13 қыркүйекте Сәкен Жасұзақов ҚР қорғаныс министрі болып тағайындалды. Қорғаныс министрлігінің басшысы қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне келді. Ал, Дариға Назарбаева Сенат депутаты болып кетті.

6

2011 жылдан бері Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған Асылжан Мамытбеков отставкаға кетіп, оның орнына "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет еткен Асқар Мырзахметов тағайындалды. Көп ұзамай Асқар Исабекұлы вице-премьерлікке көтеріліп, министрлік пен Үкімет басшысының орынбасарлығы қызметін қатар алып жүретін болды. 

7

5 мамырда Ерболат Досаев отставкаға кетіп, ұлттық экономика министрі қызметінен босатылған болатын. Бұрынғы ұлттық экономика министрі "Бәйтерек" холдингін басқаратын болды. Сондай-ақ, 11 шілдеде Досаев "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне келді. Ерболат Досаевтың орнына Ұлттық экономика министрлігіне басшы болып Қуандық Бишімбаев келді.

8

21 маусымда Жеңіс Қасымбек Инвестициялар және даму министрлігін басқаруға келді. Ол осыған дейін осы ведомствоның бірінші вице-министрі қызметінде болды. Инвестициялар және даму министрлігін басқарған Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Ал еорданың бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбеков ҚР Президенті Әкімшілігін басқаратын болды. Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Нүрлан Нығматулин Мәжіліс депутаты болып тағайындалып, артынан Мәжіліс спикері болып сайланды.

9

25 наурызда Павлодар облысының бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев Қазақстанның энергетика министрі болып тағайындалды. Ол 2013 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Павлодар облысының әкімі болған. Оған дейін төрт жыл бойы Жамбыл облысының әкімі болған. 

10

13 қыркүйекте әділет министрі ауысты. Әділет министрі болып Марат Бекетаев тағайындалды. Ведомствоның экс-басшысы Берік Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.

11

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде де тағайындаулар болды. 13 қыркүйекте Сәкен Жасұзақов ҚР қорғаныс министрі болып тағайындалды.

12

13 қыркүйекте Мемлекет басшысының бұйрығымен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды. Жаңа министрлікті Нұрлан Ермекбаев басқаратын болды.

13

2016 жылдың қазан айында Мемлекет басшысының бұйрығымен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Оны Бейбіт Атамқұлов басқарды. Ол осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған еді. Атамқұловтың орнына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Жансейіт Түймебаев тағайындалды.

14

Мемлекет басшысы Ақпарат және коммуникация министрлігін құру туралы Ақордада өткен отырыста айтқан болатын. Қазақстан Президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы Дәурен Абаев бұл ведомствоны 2016 жылдың 6 мамырынан бастап басқарды. Ал Назарбаевтың жаңа баспасөз хатшысы болып Айдос Үкібай тағайындалды.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom