Сіз кімсіз, Баталов мырза? Амандық па?

Сараптама
20.08.2014, 12:21

Сонымен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысындағы сапары барысында аймақтың басшысы да ауысты. 2011 жылдың жазында есімі елге жақсы таныс, жайлы басшы болған Серік Әбікенұлы Үмбетов әкімдік қызметтен босатылып, Астанаға ат басын бұрғанда Аңсар Мұсаханов Алматы өңірі билігінің эстафетасын жалғастырған еді.

мусаханов

 

 

С. Үмбетовпен салыстырғанда Аңсар Мұсаханов жас, энергиялы басшы шығар деген халықта үміт басым болды. Мұсахановтың қаншалықты іс-әрекет қылғанын уақыттың еншісіне қалдырамыз. Бірақ, Мемлекет басшысы бұл жолы өңірді сын садағына ілді. Ауылшаруашылығы саласы мардымсыз дегенге келтірді. Рас, жер жәннаты - Жетісуда бәрі бар. Тек оны ұқсата білу керек еді. Сонымен, кез келген басшы үшін үш жыл аз емес. Өзін көрсетуге үлкен мүмкіндік берілді. Үш жыл бір ай дегенде Алматыдағы Мұсаханов дәуірінің лимиті таусылды. Жаңа әкімнің аты-жөні - Амандық Баталов.

 

 

 

 

 

Амандық Баталов кім?

Screenshot_1

Амандық Ғаббасұлын әкім ретінде облыстық автивке Елбасының өзі таныстырды. Алматы облысының мәслихат депутаттары әлбетте, бірауыздан қолдады. Өйткені оларға А. Батталов есімі өте жақсы таныс. 13 жыл облыс әкімінің бірінші орынбасары болды. Яғни, бір мүшел бір қызметте отырған кісі өңірді өзінің бес саусағынан да жақсы білуі тиіс. Өмірбаянына келер болсақ, Амандық Баталов 22.11.1952ж. Өзбекстан, анығында Қарақалпақстанның Нөкіс қаласында дүниеге келген. Жұлдыз-жорамал бойынша мінезі Жармахан Тұяқбаймен ұқсас болуы да кәдік. Оппозиция өкілі 22.11.1947ж дүниеге келген. Жамбылдың құрылыс институтының 1975 жылғы түлегі. Мамандығы - "Инженер-гидротехник". Өз мамандығы бойынша көп уақыт жұмыс істемеген. Ертеден партия жұмыстарына, кәсіподақ қызметтеріне араласқан. Саяси басқару тәжірибесі бар. Кезінде "Қызылағаш" ауылын су шайып кеткенде бұл кісіні республикалық телеарналар көп көрсетті. Жүзі көпшілікке жақсы таныс. Экс-әкімдер С. Ескендіров пен Қ. Айтмұхамбетовтердің жолымен Амандық Баталов та әкім болды. Тек олардың саяси жолын жалғастыру-жалғастырмауы тікелей өзіне байланысты.

Сұхбат

PhotoRoom