Жолаушыларды жеткізу үшін 10 автобус бөлінді, 250 жолаушыға темір жол билетінің құны қайтарылды

Жаңалықтар
28.12.2016, 14:49

3Биылғы 27 желтоқсанда кешке Бабатай станциясындағы оқиға жөнінде ақпарат түскен бойда Астана мен Қарағанды станцияларынан екі қалпына келтіру пойыздары шұғыл жеткізілді. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқиға салдарын жоюға Ақмола мен Қарағандының барлық жол бөлімшелерінің қызметкерлері тартылды. Теміржолшылар ерекше қиын жағдайда жұмыс жасады. Алдымен жолды ашу шаралары қабылданды.

Шұғыл шаралардың нәтижесінде, алты сағаттан соң пойыздардың өтуіне жол ашылды. Бұрын мұндай жағдайда, аса қиын кезде (қысқы ауа райы, түнгі мезгіл) пойыз қозғалысын қалпына келтіруге әлдеқайда көп уақыт кететін.

«Біз оқиға орнына шұғыл жеттік. Өзіміздің техникаларымызды, телескоптық бағыттауышы бар жаңа кран, екі трактор, вагондарды көтеруге арналған тиісті құрылғылар қолданылды. Ұжымның ұйымдасқан түрдегі жұмысының нәтижесінде өте қысқа мерзімде жол ашылды», - деді Астана қалпына келтіру пойызының басшысы Марат Бейсенов.

Астана - Қарағанды бағытындағы пойыз қозғалысының тоқтауына байланысты астаналық темір жол вокзалында 600-800 адам жиналып қалды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясына» қарасты вокзал қызметкерлері ерекше кесте бойынша жұмыс істеді.

Вокзал ғимаратында қосымша орындықтар орнатылып, 600 орынға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, 50 жолаушы балаларымен ана мен бала бөлмесіне, егде жастағы жолаушылар қосымша бөлмеге кіргізілді.

Әрбір үш минут сайын дикторлар пойыз қозғалысының техникалық жағдайға байланысты кешіккені туралы хабарлап тұрды.

28-желтоқсанда 04 сағат 30 минутта барлық жолаушылар сапарға аттанды.

Қазіргі кезде вокзал белгіленген кесте бойынша жұмыс істеп тұр.

27 желтоқсанда Осакаровка станциясынан Астанаға жолаушыларды жеткізу үшін 10 автобус бөлінді. 250 жолаушыға темір жол билетінің құны қайтарылды.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom