Қазақстанда екі министр қызметтен босатылды

Жаңалықтар
28.12.2016, 17:55

2Бүгін Қазақстан президенті жарлығымен сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қызметінен босады.

Бұл туралы хабарлаған Ақорда сайтындағы мәліметке қарағанда, Ерлан Ыдырысов "басқа қызметке ауысуына" байланысты босаса, Қуандық Бишімбаевтың министр қызметінен босау себебі айтылмаған.

Сыртқы істер министрі болып бұған дейін Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметін атқарып келген Қайрат Әбдірахманов, ұлттық экономика министрі болып Тимур Сүлейменов тағайындалған.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom