Жаңа комитеттермен таныс болыңыз

Жаңалықтар
20.08.2014, 13:05

2014 жылғы 14 тамыздағы «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» үкімет қаулысымен министрліктерде жаңа комитеттер құрылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Ішкі істер министрлігі

• Төтенше жағдайлар комитеті

• Ұлттық ұланның бас қолбасшылығы

Өзгеріссіз қалғандары – Әкімшілік полиция комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

• Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті

• Медициналық қызметтерді төлеу комитеті

• Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті

Сыртқы істер министрлігі

Өзгеріссіз қалғаны – Халықаралық ақпарат комитеті

Инвестициялар және даму министрлігі

• Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті

• Аэроғарыш комитеті

• Көлік комитеті

• Азаматтық авиация комитеті

• Автокөлік жолдары комитеті

• Инвестициялар жөніндегі комитет

• Техникалық реттеу және метрология комитеті

• Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

• Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

Мәдениет және спорт министрлігі

• Дін істері комитеті

• Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

• Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті

Білім және ғылым министерлігі

Өзгеріссіз қалғандары – Білім және ғылым саласын бақылау комитеті, Балалардың құқығын қорғау комитеті, Ғылым комитеті

Ауыл шаруашылығы министрлігі

• Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті

• Су ресурстары комитеті

Өзгеріссіз қалғандары – Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті, АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитеті

Қаржы министрлігі

• Мемлекеттік табыстар комитеті (Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитетінің бірігу жолымен құрылды)

Өзгеріссіз қалғандары – Қазынашылық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, Қаржылық мониторинг комитеті, Мемлекеттік сатып алулар комитеті.

Энергетика министрлігі

• Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

• Экологиялық реттеу, бақылау мен мұнайгаз кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті

Ұлттық экономика министрлігі

• Статистика комитеті

• Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті

• Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті

• Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитеті

• Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті.

Сұхбат

PhotoRoom