Астанада өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Бақтияр Камалов мемлекеттік органдардағы қызметкерлерге қиқарланған түр көрсетудің жараспайтынын айтып өтті.
"Жалпы біз күнделікті әдеп ережелері, өзінің атқарып жүрген жұмысына және түр басына қатысты әдеп ережелерін сақтауға бағытталған жұмыстарды жүргіземіз. Мерекелік іс-шараларды өткізу барысында, біз, әрине, мемлекеттік қызметкерлердің де адамдар екенін, бірақ олардың бір ерекшелігі - мемлекеттік қызметте жүргені жайлы айтып жатамыз. Олар ар-намыс кодексін қатаң түрде сақтауы тиіс", - деді Бақтияр Камалов.
Cондай-ақ, Бақтияр Камалов мемлекеттік қызметкерлерге Жаңа жылды отбасымен немесе достарымен өткізуге ешкімнің де тыйым сала алмайтынын айтып өтті.
"Жаңа жылда мемлекеттік қызметкер басқалардан ерекшеленбеу керек. Біз мемлекеттік қызметке келгенде, өзімізге бірден жауапкершілікті аламыз. Яғни, бізде белгілі бір шектеулер бар. Мемлекеттік қызметкер қандай да бір іс-шара барысында өзін ерсі ұстап, ерекшеленбеу керек. Қарапайым болуы тиіс", - деді Бақтияр Камалов.
"Сайгез-ақпарат"