Аслан Мусин зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босатылды

Жаңалықтар
04.01.2017, 15:20

4Мемлекет басшысының Жарлығымен зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Аслан Есболайұлы Мусин Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom