Қазақстанның Беларусь еліндегі елшілігі аға есепшісі 680 мың доллар көлемінде қаражат жымқырған

Жаңалықтар
05.01.2017, 11:14

23

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстанның Беларусь еліндегі елшілігінің аға есепшісі ұсталғанын мәлімдеді.

Ұлттық бюро мәліметінше, Сейдуәлиев 2012-2015 жылдар аралығында 207 000 доллар көлемінде бюджет қаражатын жымқырған. Ол "Активбизнесплюс" ғимаратын салған бас мердігерге ақшалар төлденді деген кассалық ордерлердің шығынына қатысты құжаттарды жалған дайындаған.

"Сондай-ақ, Сейдуалиев осы уақыт бойы елшілікке Беларусь Республикасының салық органдарынан қосымша құн салығы ретінде қайтарылған 474 883 доллар көлеміндегі қаражатты жымқырған. Бас есепшінің жымқырған қаражатының жалпы сомасы - 681 883 доллар", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша ол Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі терегу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom