Елбасы Талдықорғандағы кардиоорталық жұмысымен танысты

Жаңалықтар
20.08.2014, 14:14

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жұмыс сапары барысында сәрсенбі күні Талдықорғанда облыстық кардиологиялық орталықта болды.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кардиологиялық орталықтарды дамыту туралы тапсырмасы бойынша Талдықорған қаласында бұрынғы әйелдер босанатын үйдің базасында жергілікті бюджет есебінен (593 млн. теңге) жаңарту жұмыстары жүргізіліп, кардиологиялық орталық құрылған болатын. Бұл бүкіл Алматы облысы тұрғындары үшін қуанышты оқиға болды. Енді дәрігерлер жергілікті жерде пациенттерге жоғары мамандандырылған кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсете алады.

Орталықта төрт бөлім - жіті-коронарлық патология; кардиология және сауықтыру, кардиохирургия мен рентгенхирургия және консультативтік-диагностикалық бөлімдер ашылды. Кардиоорталыққа 602,3 млн. теңгенің жабдықтары орнатылған. Бұлар - ангиографиялық қондырғы, жоғары мамандандырылған кардиологиялық көмек үшін кардиохирургиялық операция жабдығы.

2013-2014 жылдар ішінде мұнда 1415 коронароангиография, 624 стенттік, 152 ашық жүрекке оның тамырларына қан келуін жақсартатын операциялар,  7 жүректің туабітті ақауына операция, 24 жүре келе пайда болған жүрек ақауына операция, 33 электркардиостимулятор орнатылды.

Сұхбат

PhotoRoom