Аттестаттау барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу

Жаңалықтар
10.01.2017, 09:32

1Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мен облыстық  білім саласындағы бақылау департаменті бірлесіп семинар-кеңес өткізді.

Іс-шараға ардагерлер кеңесі, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың төрағалары, БАҚ өкілдері,  сонымен қатар, білім ұйымдарының басшылары қатысты.

Облыстық  білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Г.Әміртаева өз сөзінде мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі мен  сыбайлас жемқорлықты болдырмау туралы айтып өтті.

Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары жайында, соның ішінде заңсыз материалдық сыйақыларды ұсыну мен алудың жауапкершілігіне үлкен мән беріп, осы тақырыпта бейнеролик көрсетті.

Іс-шара соңында  тақырыптар төңірегінде сұрақтар қойылып,нақты жауаптар берілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің

ОҚО бойынша департаменті

Сұхбат

PhotoRoom