Солтүстік Корея АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керриге қарсы күрес науқанын бастап кетті. Ресми Пхеньян мемлекеттік арналарынан көрсетілген мәлімдемеде АҚШ сырты істер ведомствосының басшысын Азияда жабайы саналатын қызыл итке теңеді.
"Сұрықсыз көрінетін кіріңкі жақтары мен күлгін шашына қарасаңыз, оның сыртқы келбеті көз алдыңызға қызыл итті елестеді. Ол әрі адамдарды тістелеп, зиян келтіреді" делінген мәлімдемеде.
Бұдан сәл ертерек АҚШ пен Оңтүстік Корея жыл сайынғы әскери жатығуларды бастаған болатын. Ал бұл шараны КХДР әдеттегідей басып кіруге дайындық деп есептейді.