Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы 25 қаңтарда өтуі мүмкін

Жаңалықтар
11.01.2017, 18:35

1ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2017 жылдың 25 қаңтарында жариялануы мүмкін. Кейбір дереккөздері биылғы Жолдаудың 25 қаңтарға жоспарланғанын айтады. Бұл туралы алдағы уақытта ресми ақпарат тарауы тиіс.

Соңғы рет Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2015 жылдың 30 қарашасында "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты тақырыпта өткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының алғашқы Жолдауы 1996 жылдың қазан айында жарияланып, ол Жолдау «Елдегі жағдай мен 1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» деген тақырыпты қамтыған болатын. Президенттің жұртшылыққа кеңінен танымал бағдарламасы - 1997 жылдың қазан айының 10-ында жарияланған «Қазақстан-2030» Жолдауы.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom