Бағлан Майлыбаев қызметінен босап, орнына Марат Тәжин келді

Жаңалықтар
12.01.2017, 11:39

4Бағлан Майлыбаев қызметінен босатылды. "Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың сайтында.

Бұл қызметке оның орнына Марат Тәжин келді. "Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын", - делінген Ақорданың сайтында.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom