Әуезовтың 120 жылдығына орай пойызға "Абай жолы" атауы берілді

Жаңалықтар
19.01.2017, 10:46

6«Астана-Защита» бағытымен қатынайтын жүрдек пойызға «Абай жолы» атауы берілді. Мұндай шешімге Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы зиялы қауымы өкілдерінің ұсынысы негіз болған деп «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Биыл Мұхтар Әуезовтің дүниеге келгеніне 120 жыл толады. Бұл- ұлы жазушының әдеби мұрасын насихаттаудағы нақты қадам. Біздің ұсынысымызға қолдау білдірген ұлттық тасымалдаушы компания басшылығына алғыс айтамыз», - дейді бастамашы топтың мүшесі, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мұражай-қорының директоры Болат Жүнісбеков.

№67/68 «Астана-Защита» жүрдек жолаушылар пойызы отандық «Тұлпар-Тальго» вагондарымен жасақталған және күн сайын жүреді. Жолдағы уақыты -16 сағат 30 минут.

Қазіргі кезде республикалық және мемлекетаралық бағыттар бойынша «Алатау», «Ақжайық», «Жетісу», «Сарайшық», «Ақсұңқар» және т.б. атаулы пойыздар қатынайды.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom