Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде театр өнерін дамытудың, театрлардың репертуар саясатының және олардың шығармашылық деңгейін одан әрі арттырудың негізгі қырлары қаралды.
Нұрсұлтан Назарбаев елде мәдениет пен өнер саласы қарышты дамып келе жатқандығын, тарихи тақырыптарға спектакльдер қоюдың маңызын атап көрсетті.
Т.Жаманқұлов өзі басқарып отырған Одақ қызметі, сондай-ақ отандық, соның ішінде өңірлердегі театрлардың жұмысы туралы айтып берді.