Рақымшылыққа байланысты Серік Ахметовтің өтелмеген жазасының төрттен бір бөлігі қысқартылды

Жаңалықтар
19.01.2017, 13:35

1Абай аудандық соты Қарабас ауылындағы 159/18 колониясында рақымшылық мәселесін жабық тәртіпте қарап, экс-премьер-министр Серік Ахметовтің жаза мерзімі рақымшылыққа байланысты қысқарды.

"Серік Ахметовке қатысты өтелмеген жазасының қалған төрттен бір бөлігін "ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңының күшіне енуіне байланысты қысқарту туралы өтініш келіп түсті. Өтініш Ахметовтің өтінішіне байланысты түсірілген. Сотталған Серік Ахметовтің өтелмеген жазасының төрттен бір бөлігі, яғни 1 жыл 7 ай 11 күнге қысқартылды, - деп Абай аудандық сотының БАҚ жөніндегі координаторы Ардақ Жұмашев ресми хабарлаған.

Соттағылардың айтуынша, Серік Ахметовтің ендігі жазасының мерзімі - 4 жыл 10 ай.

Еске салайық, сотталған Серік Ахметов мемлекетке келтірген шығынның 2,2 миллиард теңгесін өтеп қойды. Осыған байланысты сот оның жаза мерзімін он жылдан сегіз жылға дейін қысқартты. 

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom