Серік Жұманғарин ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Жаңалықтар
19.01.2017, 14:54

2Бұл тағайындауға дейін Серік Жұманғарин екі жылдан астам Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетті басқарды.

Ведомство басшысы Жұманғаринді тағайындалуымен құттықтап, оның жинаған тәжірибесін жаңа лауазымдағы жұмысында тиімді қолданатынына сенім білдірді.

Жұманғарин әр жылдарда Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті директоры болып жұмыс істеді, Өңірлік даму комитеті төрағасы лауазымын атқарды, республиканың Өңірлік даму министрінің орынбасары болды.

Айдар Әріпханов Ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды. Ведомство басшысы Үкімет атынан Әріпхановқа жұмысы үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы үлесін жоғары бағалай отырып, алғыс айтты.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom