Астанада өтіп жатқан Сирия келіссөзіне қатысушылардың құрамы жарияланды

Жаңалықтар
23.01.2017, 14:09

5Астанада басталатын Сирия бойынша келіссөзде Сирия үкіметінің делегациясын Дамаскінің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар Джафари басқарады. Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың баспасөз конференциясында айтуынша, Сирия оппозициясы 15 түрлі топтан құралған. Бұл топтар - Сирияда өткен жылғы желтоқсанның соңында қақтығысты тоқтату режимін қолдаған. Бұл оппозицияшыл топтардың ортақ басшысы жоқ.

Келіссөзде Ресей делегациясын Ресей президентінің Сирия дағдарысын реттеу мәселесі бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқарады. Иран мен Түркия делегацияларын осы елдер сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары басқарады. Келіссөзге сонымен қатар БҰҰ-ның Сирия мәсеелсі бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура, АҚШ атынан Қзақстандағы елші Джордж Крол қатысады.

Кеше АҚШ мемлекеттік департаменті Астанадағы келіссөзге өз делегациясын жібермейтінін мәлімдеген.

Роман Василенконың сөзінше, Қазақстан келіссөз барысына араласпайды, оған тек алаң ұсынады. Ол сонымен қатар келіссөз Ресей және Түркия президенттерінің бастамасымен өтіп отырғанын, оны Қазақстан президенті қолдағанын айтты.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom