Үкімет басшысы бірқатар тапсырмалар берді

Жаңалықтар
24.01.2017, 14:58

SHA_7494Бүгінгі Үкімет отырысында мемлекет және ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары қарастырылды. Сондай-ақ, көмір экспортын арттыру туралы мәселе қозғалды. 

Бақытжан Сағынтаев қазақстандық көмір экспортын арттыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Қазақстанда көмір химиясы саласын одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді

Үкімет отырысы барысында Қазақстанның көмір химиясы саласының жай-күйі туралы есеп, сондай-ақ оны одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар тыңдалды.

ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Павлодар облысының әкімі Б.Бақауовты, Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібековті, Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының директоры Н.Радостовецті, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Р.Сулеймановты, Көмір химиясы және технологиялары институтының директоры Б.Ермағамбетовты тыңдады.

ҚР  Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Мамин осы саладағы, оның ішінде көршілес елдердің нарықтарында орын алып отырған құбылыстарды ескеру қажеттігін атап өтті.

«Бізге жаңа нарықтар бойынша қарау керек, осыған байланысты жаңа логистика, тиімді логистикалық шешімдер, мұның бәрі экспорттық әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз үшін жұмыс істеуі тиіс», - деді А.Мамин.

Осы орайда, Премьер-Министр А.Маминге аталған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеп, бұл жұмысты жалпы үйлестіруді жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ Б.Сағынтаев көмір өндірілетін орындарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне назар аударуды тапсырды.

SHA_7364

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайтуды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында мемлекет және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты тиімдірек орнату жөнінде тапсырма берді.

Үкімет отырысында мемлекет және ҮЕҰ-ның өзара іс-қимылының негізгі бағыттары туралы айтылды, сонымен қатар отандық үкіметтік емес сектор өкілдері сөз сөйледі. Олардың ішінде: «Қазақстанның азаматтық альянсы» Қауымдастығының президенті Н. Ерімбетов, «Камеда» қорының атқарушы директоры М. Еспенова және АРГО Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының атқарушы директоры Д. Асанова бар.

Баяндамашыларды тыңдағаннан кейін Премьер-Министр 2016 жылы құрылған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мемлекет және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзіндік бір «көпір» іспеттес екенін айтты. Осы орайда Б. Сағынтаев ведомство басшысы Н. Ермекбаевқа ҮЕҰ өкілдерінің бірлескен жұмысты әрі қарай жүргізуге байланысты ұсыныстарын ескеру туралы тапсырма берді.

"Сайгез-ақпарат"

 

 

Сұхбат

PhotoRoom