Елбасы: Бірқатар өкілеттіктер үкімет пен Парламенттің құзыретіне өтуі мүмкін (ВИДЕО)

Жаңалықтар
24.01.2017, 16:10

5Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша жұмыс тобымен кездесті.

"Бүгін біз мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелерін талқылау үшін кездесіп отырмыз. Мен бұл туралы өзімнің айтқан сөздерімде, үндеулерімде айтып жүрдім. Мен ұсынған бес институционалдық рефоманың бесіншісі - ашық үкімет. Ол үкіметке экономикалық және атқарушы функцияларды көбірек ұсына алады, ал Президент осы реформаға сәйкес, мемлекеттік басқарма, тұрақтылық, конституция мен билік тармақтарын жұмыспен қамту, мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен сыртқы саясатқа қатысты негізгі мәселелерді шешеді. Бірақ біз бастапқыда Президентке көп өкілеттік бердік. Көп заңдарда осылай болған, яғни, 45 өкілеттік. Содан ол тағы 30 өкілеттікке толықты. Енді өкілеттікке қатысты шешім қабылдау үшін оны үкімет пен Парламентке жіберуге болады", - деді Назарбаев.

Президент өкілеттіктерге мысал ретінде басқарудың жаңа органдарын құру мен бағдарламалар бекіту екенін айтып өтті.

"Мысалы, бағдарламаларды бекіту мәселесі, үкіметтегі кадрлық тағайындаулар, басқарудың жаңа органдарын құру сияқты өкілеттіктер үкімет пен Парламенттің құзыретіне өтуі мүмкін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

https://www.youtube.com/watch?v=9bmd1SB-EUI

Сұхбат

PhotoRoom