"Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заңға қол қойғаннан кейін Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен пробация қызметтерінде материалдарды сотқа жіберу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. 24 қаңтарда сотқа сегіз мыңнан аса материал жіберілді", - деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер.
Сондай-ақ, сотқа қамауда отырғандарды босатуға қатысты 2 мыңнан аса материал келіп түскен және бостандықтан айыру туралы шешімдер айыппұлға ауыстырылған. Қалған алты мыңнан аса материал пробация қызметіндегілерден келген. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Қазақстанда 25 адам рақымшылықпен босап шыққан.
"Сайгез-ақпарат"