Бұған дейін 2016 жылы Оскар жүлдесін алған әйгілі голливуд актері Леонардо Вильгельм Ди Каприо EXPO-2017 көрмесіне шақырылғаны хабарланған болатын. Бүгін голливуд актері 2017 жылдың 8-9 қыркүйегінде Астанаға келеді деп хабарланды.
"Климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ елшісі және WWF жолбарыстарды сақтау бағдарламасының елшісі Леонардо Ди Каприо да келеді. Қазір осы іс-шара өтетін орын бөлу туралы мәселе қаралып жатыр", - деді "Жасыл экономика" үшін және G-Global-ды дамыту коалициясының төрайымы Салтанат Рахымбекова Астанада өткен брифинг барысында.
Былтыр "Жасыл көпір" Серіктестік бағдарламасын дамыту аясында Қазақстан 30-40 жыл жұмыс істейтін үлкен келісімді дайындауға кіріскенін айта кетті коалиция төрайымы.
"Бұл Іле-Балқаш аумағындағы экожүйені қалпына келтіруге, жолбарыстар популяциясын жандандыруға бағытталған. Жабайы табиғат қоры бұл бастаманы бірнеше жыл бұрын ұсынған. Алайда бұл мәселе бойынша нақты қадамдар енді жасалып жатыр. Қазір Қор мен Үкіметтің арасында жобаға 10 миллион еуро бөлу туралы келісім дайындалып жатыр. Келісімшартқа 2017 жылдың 8-9 қыркүйегінде қол қойылады, EXPO-2017 аяқталар тұста", - деді Рахымбаева.
Сонымен қатар, Қор делегациясын Нидерланды патшайымы Лауренти бастап келетіні белгілі болды. Ол Нидерланды климатының өзгеруі бойынша қор жетекшісі.
"Сондықтан климаттың өзгеруі бойынша бірінші және әзірше жалғыз елші Леонардо Ди Каприоны Қазақстанға шақыру туралы бастамамыз іске асу керек. Өйткені осындай тұлғалар сапарының қаржылық жағы мен Қазақстанда болуын ұйымдастыруды Жабайы табиғат қоры өз мойнына алады", - деп аяқтады сөзін отандық коалиция басшысы.
"Сайгез-ақпарат"