ИДМ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі жобасынының қоғамдық тыңдалымын өткізеді

Жаңалықтар
25.01.2017, 09:58

3Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі Министрлік) 2017 жылдың 3 ақпаны күні сағат 10:00-де (Астана қ. Қабанбай батыр даңғылы 32/1) Transport Tower  ғимаратында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі жобасынының қоғамдық тыңдалымын өткізеді.

«100 нақты қадам» (74 және 75 қадам) Ұлт жоспарында бекітілген Мемлекет басшысы тапсырмасын орындау мақсатында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі жобасы даярланды.

Жаңа Кодекс келесі концептуалдық өзгерістерді қамтиды:

- Австралиялық модель аналогиясы негізінде «Бірінші келген-бірінші алады» лизензиялық тәртібі қағидаты енгізу арқылы Жер қойнауын пайдалану құқығын жеңілдетілген тәртіпте беру;

- қорларды халықаралық бағалау тәртібіне өту;

- геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті беру және оны цифрлық форматқа өткізу;

- кең таралған пайдалы қазбалар тізмін қайта қарастыру;

-Мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында Кен орынын жабу кезінде ликвидациялау ережесін күшейту;

- Әрекет етуші жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт кепілдігітұрақтылығын қамтамассызт ету және тағы басқалары.

2016-2021 жылдарға арналған Заң шығармашылық жұмысының тұжырымдамалық жоспары негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 6 қыркүйегіндегі бұйрығымен бекітілді. Кодекс жобасын ҚР Парламент Мәжілісіне 2017 жылдың  екінші жартыжылдығында енгізу көзделген.

Бұған қоса қатысушылар қоғамдық тыңдалымда сөз сөйлей алатындығын атап өтеміз. Бұл үшін сөз сөйлеуге арналаған тақырыптарды жоғарыда көрсетілген мерзімде және жоғарыда аталған мекен-жайларға жолдауларыңызды сұраймыз.

Қоғамдық тыңдалымның тақырыптары мен сұрақтары бойынша іс-шараның  хатшысына Шенгельбаев Төлеу Есімханұлы мырзаға келесі телефон нөмірі арқылы 8(7172) 75-76-65 (1081) немесе email: toleu_kcc@mail.ru мекен-жайы арқылы хабарласа аласыздар.

Аталған іс шараға қатысу үшін кандидатураларды (ТАӘ, лауазымы көрсетілген) e.smatilda@mid.gov.kz e-mail мекен-жайы 2017 жылдың 1 ақпаны сағат 18-00 дейін жолдауларыңызды немесе 8(7172) 75-44-07; 75-44-75 нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

Министрлік ғимаратында рұқсаттық режим болғандықтан жеке басыңызды куәландыратын құжаттың болуы талап етіледі. Бұған қоса ғимаратқа суретке түсіру және интернет функциялары бар мобилді құрылғылармен (смартфон,планшет,ноутбук,смартсағаттар және т.б.) кіруге рұқсат етілмейді және де Министрліктің құнды заттарды сақтау жәшігінің жетіспеушілігіне байланысты қолайсыз жайттардың алдын алу мақсатында жоғарыда аталған заттарды Министрлік ғимаратынан тыс жерде тастап кетулеріңізді сұраймыз.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады http://mid.gov.kz/kk/pages/zher-koynauy-zhne-zher-koynauyn-paydalanu-tur...

Сұхбат

PhotoRoom