Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы аумағында 876 техникалық байқау желісі бар (572 стационарлық, 304 ұтқыр) 524 техникалық байқау орталықтарының жұмысы ұйымдастырылған. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтында жарық көрді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша міндетті техникалық қарап-тексеруге 2 556 958 автокөлік құралы (бұдан әрі – АКҚ) ұсынылған, оның ішінде 2 311 136 АКҚ техникалық байқаудан өтті деп танылған. Ақауларының болуына байланысты 245 822 АКҚ техникалық байқаудан бірден өтпеген. Бұл техникалық байқауға ұсынылған АКҚ-ның орташа 9,6 % құрайды.
Анықтама үшін: 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 2 521 014 АКҚ техбайқауға ұсынылған, оның ішінде 2 226 494 АКҚ-ы техбайқаудан өткен,294 520 АКҚ техбайқаудан өте алмаған, бұл ұсынылған АКҚ-ның орташа 11,68% құрайды.
Техникалық байқаудан өте алмаған АКҚ-ның пайдалануына келесі ақаулардың негізінде тыйым салынған :
- тежеуіш жүйесі бойынша – 67 633 КҚ;
- рөлмен басқару бойынша – 22 941 КҚ;
- сыртқы жарық беру құралдары бойынша – 118 787 КҚ;
- көрініс бойынша – 19 124 КҚ;
- шиналар, доңғалақтар және аспалар бойынша - 20 818 КҚ;
- конструкцияның басқа элементтері бойынша – 71 043 КҚ;
- Қозғалтқыш және оның жүйелері бойынша – 18344;
- рама мен шанақтың жай-күйі бойынша – 423.
2016 жылы аумақтық көліктік бақылау органдарымен 146 техникалық байқау операторларына қатысты 278 тексеру өткізіліп, нәтижесінде 5 млн. 832 мың теңгені құрайтын 222 әкімшілік хаттамасы толтырылды. Сонымен қатар, 13 техникалық байқау операторы реестрден шығарылған.