Байменов тағы бір қызметтің құлағын ұстады

Жаңалықтар
02.09.2014, 19:33

Қазақстан саяси күштерінің екі жағын айтқанда да аты ауызға ілінетін Әлихан Байменов жақында қызметсіз қалған болатын. Оны портфелінен айырған атқарушы билікті ықшамдау туралы шешім еді. Ал енді бүгін Үкіметтің Қаулысымен Әлихан Мұхамедияұлы Байменов Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.

«Бұл тағайындау ҚР Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Келісімге сәйкес келеді және БҰҰ-ның Қазақстандағы Үйлестіруші-Резидентімен келісілген», делінген хабарламада.

Сұхбат

PhotoRoom