"Ұлттық банк төрағасы ұсталды" деп хабар таратқан блогердің жазбасы жәй қауесет болып шықты

Жаңалықтар
27.01.2017, 19:09

2Ұлттық банк Данияр Ақышевтың ұсталғаны жайлы қауесет таратқандарды жауапқа тартады, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде Ұлттық банк төрағасы ұсталды деген қауесет пайда болды. Бұл мәліметті Ұлттық банктегілер жоққа шығарды.

"Қазіргі уақытта бастық жұмыста. Бұл мәліметті үзілді-кесілді жоққа шығарамыз. Ұлттық банк жалған мәлімет таратып жатқан адамдарға қатысты құқық қорғау органдарына хабарласады", - деді ҚР ҰБ Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

1

Данияр Ақышев туралы мұндай хабарды фейсбук әлеуметтік желісінде таратқан белгілі блогер Сырым Абдрахманов болатын. Бірақ, ол Ұлттық банк төрағасы ұсталды деген жазбасын көп ұзамай өшіріп тастады.

Естеріңізге сала кетейік, Сырым Абдрахманов - Астана қаласының прокуратурасы жанындағы Консультативтік кеңестің мүшесі.

Сұхбат

PhotoRoom