Ди Каприо Қазақстанның жоғын түгендемек

Жаңалықтар
30.01.2017, 09:28

ди каприо путин Ди Каприо мен Путин

Леонардо Ди Каприо мен Нидерландының король отбасы мүшелерін шақыру идеясын ұсынған WWF-Ресей директоры Игорь Честиннің айтуынша, Астанаға келу жайлы олармен әлі ешқандай келісім жасалмаған.

Біз Қазақстан Республикасы үкіметімен бірлесіп жүзеге асырамыз деп үміттенетін бағдарламаны іске қосылғаны жайлы халықаралық деңгейде хабар таратқымыз келеді. Әлі ешқандай келісім жоқ болғанымен, Леонардо Ди Каприоны шақыру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, - дейді Игорь Честин Азаттыққа.

Каспий жолбарысы популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы авторлары есебінше, Қазақстан үкіметімен келісімге қол қойылғаннан кейін жобаны іске асыруға 10 жыл ішінде меценаттардан 20 миллион доллар түседі. Бұған қоса, олар Астана да қаржыландыратын шығар деп үміттенеді.

(Мақаланың түпнұсқадағы тақырыбы: Жолбарысты қайта жерсіндіру үшін Ди Каприоға үміт артады)

Сұхбат

PhotoRoom