Досым Сәтпаев: "Халық жолдауды тәптіштеп түсіндіретіндей бейсауат емес"

Жаңалықтар
01.02.2017, 11:54

7 фото: vlast.kz

Мәжілістің алқа отырысында Палата спикері Нұрлан Нығматулин депутаттардың барлығы жолдауды халыққа түсіндіру мақсатында өңірлерді аралайтынын мәлімдеді. Ал, белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев депутаттардың өңірлерді аралап, халыққа Президент жолдауын түсіндіру жұмыстарын қажет емес деп есептейді. Оның пікірінше, халықтың көзі ашық, жолдаудың мәтінін өздігімен оқып, өздері түсіне алатын жағдайда.

Айта кетейік, бүгіннен бастап Мәжіліс депутаттары ел аралап, әрбір отбасыға жолдаудың мақсатын түсіндіруді қолға алмақшы.

«Бүгінде Жолдауды зерделеу, оны жүзеге асыру әрбіріміздің, соның ішінде міндеті түрде депутаттардың басты жұмысы болуы тиіс. Біз өз сайлаушыларымызға Президент айтқан тапсырмалардың мән-мағынасын жеткізуіміз қажет. Сондықтан, бүгінгі алқа отырысынан кейін біз аймақтарды аралап, халыққа Мемлекет басшысының жолдауын түсіндіреміз. Бұл өте маңызды және жауапты миссия», - деп атап өтті Н.Нығматулин.

Саясаттанушының айтуынша, депутаттар бюджет ақшасына ел аралағаннан гөрі халыққа пайдалы іспен айналысулары қажет.

«Ақпан айынан бастап депутаттар аймақтарды аралап, жолдауды түсіндірмекші. Ешкімге ешнәрсені түсіндірудің қажеті жоқ. Бізде сауаттылар жетіп артылады. Кімге қажет, өздері оқып түсініп те алды. Оның үстіне, тәжірибе көрсеткендей, халық өзіне үйреткісі келетін жандардан әлдеқайда ақылдырақ. Менің пікірімше, депутаттардың түсіндіруін халық қажет етпейді», - дейді саясаттанушы өзінің Facebook-парақшасында.

«Депутаттардың "есеп үшін" мемлекет ақшасына ел аралағаны ешкімге қажет емес. Халық қалаулылары мәселен, былтырғы жер дауына қатысты митингілер кезінде, лаңкестік оқиғалар кезінде, ақылға қонбайтын заңдар қабылданар кезінде халыққа шығуы қажет, халық соны қалайды», - дейді Досым Сәтпаев.

6

31 қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын арнады. Маңызды құжат «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталады.

Сұхбат

PhotoRoom