БҰҰ Дональд Трампты райынан қайтармақ

Жаңалықтар
01.02.2017, 12:05

8БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Дональд Трампты шетелдіктердің АҚШ-қа келуіне енгізілген шектеулерді алып тастауға шақырды.

БҰҰ бас хатшысы бірқатар мұсылман елдерінің азаматтарына АҚШ-қа келуге салынған тыйымды тезірек алып тастайды деп үміттенетінін жеткізді. Бас хатшының айтуынша, енгізілген шектеулердің АҚШ-ты террористік қауіптен тиімді қорғауы екіталай және ол Трамптың өз жарлығынан тезірек бас тартарына үміттенеді.

Еске сала кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп өз жарлығымен босқындардың Құрама Штаттарға 120 күнге келуіне тыйым салды және халқының басым бөлігі  мұсылмандар  болып табылатын жеті мемлекет (Ирак, Судан, Сомали, Ливия, Сирия, Йемен) азаматтарының 90 күнге келуін уақытша тоқтатып қойды.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom