Өскеменде туған жігіт Арменияда министр болып тағайындалды

Жаңалықтар
06.02.2017, 16:08

3

Өскемен қаласының тумасы Арменияның төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды arminfo.am.

"Армения президенті Серж Саргасянның жарлығымен қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Давид Тоноян төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды", - деп хабарлайды басылым.

Давид Тоноян Өскеменде дүниеге келген. 1986-88 жылдары әскер қатарында болған. 1988-91 жылдры Ереван Мемлекеттің университетінде геология мамандығы бойынша білім алған. 1992-95 жылдар аралығында Армения Республикасының Ішкі істер министрлігінде түрлі қызметте болған. 1995-97 жылдары Ресейдің Әскери-дипломатиялық академиясын тәмәдап, 1998 жылдан бастап НАТО одақтық қолбасшылығының операцияларында 2004 жылға дейін қызмет еткен. 2004 жылдан Арменияның қорғаныс министрлігінде түрлі қызметте болды. 2010 жылдан бері қорғаныс министрінің орынбасары лауазымында қызмет етті. Отбасын құрып, екі баланы тәрбиелеп отыр.

Дереккөз: Тенгри

Сұхбат

PhotoRoom