Қазақстандық телеарналардағы журналистердің кәсібилігі деңгейінің төмендігі тұрғындардың наразылығын тудырады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
"Біздің жүргізген әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша, жарнаманың көптігі, өңірлік контенттің жоқтығы, Қазақстан туралы танымдық бағдарламалардың аздығы және қазақстандық телеарналардағы журналистердің кәсібилігі деңгейінің төмендігі тұрғындардың наразылығын тудырады екен. Біздің телеарналарға осы мәселелер туралы ойлану қажет және көрерменді тарту үшін қажетті шаралар істеуі тиіс", - деді Дәурен Абаев коллегияның кеңейтілген отырысында.
Осы мәселелерді шешу үшін министр сериал негізінде толықметражды картиналар түсіріп, қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру үшін KPI жүйесін енгізуді және мемлекеттік радиоарналар мен елдің шекаралас жерінде орналасқа елді-мекендерде көрсетілімді таратуды қолға алуды тапсырды.
"Биыл сандық эфир теле көрсетілімді қосу мақсатында 244 радиотелеарналық станциялар қосылады. Жыл соңына дейін Қазақстанның кейбір облыстарында сандық тарату жүйесі іске қосылады", - деді министр.
"Еске салайық, 2017 жылдың наурыз айында қазақстандық жаңа "Ел Арна" киноарнасы іске қосылады. Отандық режиссерлердің көркем және деректі фильмдерін, сериалдарын енді "Ел Арна" деп аталатын осы жаңа арнадан тамашалай аласыздар.
Дереккөз: Tengrinews.kz