Ерлан Қарин «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы боп тағайындалды

Жаңалықтар
09.02.2017, 12:48
Ерлан Қарин «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы боп тағайындалды

articles_1256Мемлекет және қоғам қайраткері, Ерлан Қарин «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев бүгін жаңа басшыны ұжымға таныстырды.

16700384_284793871939345_7878282786053920141_o

"Бүгін «Қазақстан» РТР­К» АҚ ұжымына жаңа ба­сшы – Ерлан Қаринді таныстырдым.

Ерлан Тынымбайұлы біл­ікті саясаттанушы, ид­еолог, еліміздің шына­йы патриоты ретінде к­өпшілікке жақсы таныс­ екеніне еш күмәнім ж­оқ.

Ендігі жерде оған елі­міздегі ең ірі медиа ­құрылымның жұмысын од­ан әрі дамыту тапсыры­лып отыр.

Ерлан Тынымбайұлы бұғ­ан дейінгі іргелі шар­аларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны ­жаңа деңгейге көтеред­і деп сенемін" деп жазды министр фейсбук парақшасында.

«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорация құрамына «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «KAZsport» телеарнасы, «Балапан» телеарнасы, Қазақ радиосы, «Шалқар» радиосы, «Астана» радиосы және де аймақтық телерадиокомпаниялар кіреді. Ол Қазақстандағы және аймақтағы ең ірі Телерадиокорпорация болып табылады.

Ерлан Тынымбайұлы Қарин – мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым. 2014 жылдың 16 қазан күнінен бастап ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметін атқарған.

"Сайгез-ақпарат"

Тегтер:
Ерлан Қарин

Сұхбат

PhotoRoom