Сыртқы істер министрі Польшадағы Қазақстан елшісі туралы пікірін білдірді

Жаңалықтар
14.02.2017, 12:01

7Жақында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырыста Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша А.Әбибуллаевқа қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.

Осыған байланысты бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша комиссияның Польшадағы Қазақстан елшісі Алтай Әбибуллаевты жауапқа тарту ұсынысы туралы пікірін білдірді.

"Мәселе мемелекеттік қызметкердің әдебін бұзу жайында. Министрлік бұл мәселені қарастыру ісін байыппен қабыл алды. Министрлікте заңбұзушылықтарға төзімділік таныту мүлде жоқ. Біз қазір жоғары тұрған инстанциядан келетін материалдарды күтіп отырмыз", - деді Қайрат Әбдірахманов.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom