Президент жарлығымен екі елші, өкімімен екі министрліктің жауапты хатшысы тағайындалды

Жаңалықтар
15.02.2017, 19:13

WhatsApp Image 2017-02-15 at 19.11.17Бүгін Президент жарлығымен екі елші, өкімімен екі министрліктің жауапты хатшысы тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

5Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

6Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирландиядағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

7

Аида Дәденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;

8-9Болат Тұрғанұлы Төкежанов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom