Елімізде экология мәселесін зерттейтін институт ашылуы мүмкін

Жаңалықтар
16.02.2017, 10:45

14Отандық ғалымдар республикалық «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы» қоғамдық бірлестігі жанынан экологиялық ғылыми зерттеу институтын ашуды ұсынды.

«Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының жанынан құрылған клубтың отырысында гендік модификацияланған өнімдерді қолдануға қатысты пікір білдірген ғалымдар арнайы қарар қабылдап, қарарға экологиялық ғылыми зерттеу институтын ашуды көздейтін бап қарастырды.

«Пікірталас барысының материалдары мен қатысушылардың пікір-пайымын ескере отырып, мәселенің күрделілігі мен айырықшалығына назар аудара отырып, тақырыпты зерттеу мен зерделеуге, бақылауға мемлекет тарапынан қолдау көрсету ұсынылсын.

Тақырыпты одан әрі ғылыми, дәйекті де тұрақты зерттеу тұрғысынан ғылыми-практикалық мазмұндағы түрлі іс-шаралар ұйымдастыру қолға алынсын.

Пікірталас алаңының барысында Республикалық «Байтақ болашақ» Экологиялық альянс жанынан экологиялық ғылыми зерттеу институтын ашу ұсынылсын», - делінген қарарда. Айта өтейік, экологиялық ғылыми зерттеу институтын ашуды қарастырып отырған «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы» қоғамдық бірлестігі 2016 жылы құрылған. Оны қазіргі уақытта қоғамдық белсенді, меценат Азаматхан Әміртай басқарады.

Сұхбат

PhotoRoom