Қызметкерлеріне жұмыс уақытында жұма намазына баруға тыйым салған әкім мешітке автокөлік табыс етті

Жаңалықтар
17.02.2017, 13:45

4532Ағымдағы жылдың қаңтарында өңір башысының облыстық мешіттің жұмысымен танысуы барысында бас имам Ермек қажы Мұқатай аудандарды аралау үшін автокөлік қажеттілігін жеткізген. Сол кезде Даниал Ахметов бюджеттік емес қаржы көздерін тарта отырып, аталмыш мәселені шешуге қолдау көрсететінін айтқан болатын.

Бүгін аймақ басшысы "Халифа Алтай" мешітіне арнайы барып, жаңа Toyota Camry автокөлігін табыстады. Даниал Ахметов көлікті алуға қолдау көрсеткен «Өскемен құрылыс» компаниясының директоры Ержан Ысқықовқа алғысын білдірді.

Сонымен қатар, облыс әкімі биылғы көктемде мешіт ғимаратының астында орналасқан көлік тұрағының төбесінен су ағуды тоқтату үшін жөндеу жұмыстары басталатындығын айтты.

Облыс әкімінің бақылауға алған тағы бір мәселесі – мешіттің жанынан 50-60 орындық медресе салу болатын. Даниал Ахметов қалалық әкімдікке медресе ғимараты үшін мешіттің жанынан жер бөлуді тапсырды.

unnamed

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов өткен жылдың соңында облыстық әкімдіктің жиналысында  мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс уақытында жұма намазға баруға тыйым салған еді.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom