Әмірхан Аманбаев 14 жылға бас бостандығынан айрылды

Жаңалықтар
22.02.2017, 15:23

13Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаевқа және ұйымдасқан қылмыстық топқа байланысы болуы мүмкін делінген өзге тұлғаларға қатысты үкім шықты. Кеңшілік Әбелдинов судья болған сот процесі ТА-18 тергеу абақтысында өткенін айта кетейік. 

Әмірхан Аманбаев мүлкі тәркілене отырып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейді. Сонымен бірге, Аманбаевты "Құрмет" және екінші дәрежелі "Даңқ" ордендерінен айыру туралы ұсыныс жасалды.

Сергей Ильин мүлкі тәркілене отырып, 16 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейді. Қалған сотталушылар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал біреуі ақталып шықты.

Сот кезінде Әмірхан Аманбаев кінәсін мойындамады. Ал Сергей Ильин салықтан жалтаруға қатысты кінәсін ғана мойындап, зардап шеккендерден кешірім сұрады.

Еске салайық, 2015 жылдың ақпанында Алматы қаласында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалар, оның ішінде қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлерінің қолдау көрсетуі арқылы жалған кәсіпкерлікпен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті анықталды. Олар 2012-2014 жылдар аралығында 20 кәсіпорын құрып, төленбеген салық түрінде 14 миллиард көлемінде шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу шарасы бойынша Алматы ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қылмыстық топтың С. Ильин, В. Федотов, Б. Баудинов, Т. Каримов, А. Зубарев, Д. Абдиев, Р. Есенжанов және Н. Шаукеров есімді 8 қатысушысы қамалды. Жалпы осы іс бойынша 36 адам сотқа тартылған болатын. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Сұхбат

PhotoRoom