«Қазақстан инжинирингтің» бұрынғы басшысы қамауға алынды

Жаңалықтар
23.02.2017, 12:56

78«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ» басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков қамауға алынды, деп хабарлады қалалық сот баспасөз қызметінің маманы Ботагөз Баянова.

Оның деректеріне сәйкес сот ҰҚК тергеушісінің қолдаухатын қарады және 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Әзірге оны ұстау себептері айтылған жоқ. Бұдан бұрын хабарлағандай, оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 2015 жылғы ақпаннан бастап ол осы лауазымды атқарды. Бұдан бұрын Қанат Сұлтанбеков Астана әкімінің орынбасары болған.

"Сайге-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom