Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров фейсбуктегі парақшасында жариялады.
"Қазақстандағы инвестициялық ахуал ЭЫДҰ-ның барлық талаптарына сай
Бүгін ЭЫДҰ Кеңесі Қазақстанды халықаралық инвестиция және көпұлтты кәсіпорындар бойынша ЭЫДҰ Декларациясына және ЭЫДҰ инвестиция жөніндегі комитетіне «Қауымдастырылған мүшесі» ретінде қосылғанын ресми түрде мақұлдады.
Бұл - ҚР Үкіметі мен барша мемлекеттік органдардың соңғы 5 жылда атқарған жұмысына берілген үлкен баға. Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту жұмыстары одан әрі жалғасын табатын болады" деп жазады вице-министр.